Оқиға

Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан ер адамның үстіне диван құлады

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Ақтауда ер адамның үстіне тұрғын үйдің алтыншы қабатынан диван құлады. Зардап шеккен адамның мойын омыртқасы сынған, деп хабарлайды InAktau.
Оқиға 12 қаңтарда күндіз болған. Тұрғындардың бірі диванды алтыншы қабаттан лақтырып жіберген. Ауыр жиһаз сол маңнан өтіп бара жатқан 39 жастағы ер адамның үстіне құлады.
"Ол жерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады дейді. Шамамен оқиға болған уақытта 12-13 жастағы жасөспірімді байқапты. Олардың айтуынша, ата-анасы үйде болмаған. Біз диванды лақтырғандарды көрген куәгерлерді іздеп жатырмыз. +7702 811 03 82 нөміріне хабарласуға болады", - деді зардап шеккен ер адамның бауыры Аман.
Қазір 39 жастағы ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Туыстарының айтуынша, оның мойын омыртқасы сынған, қол-аяғы істемейді.
Полиция қызметкерлері тек кешке қарай келді, дейді бауыры.