АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 70 адам коронавирус жұқтырды, қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Бір күн бұрын елімізде 111 науқас тіркелген болатын.
15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 200 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 980 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.