Саясат

Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.