Өңірлер

Семей-Өскемен тас жолында жүргізуші мен жолаушы қаза болды

Жол апатына түскен көліктің салонында кәмелетке толмаған үш бала отырған
Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, 14 қаңтар сағат 13:30-да Семей-Өскемен тас жолының 111/87 шақырымында ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты.
Салдарынан ВАЗ 21102 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Көлікте, сондай-ақ кәмелетке толмаған үш бала болған.
Toyota Camry жүргізушісі мен екі жолаушысы, сонымен қатар үш бала жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.