АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Непалдағы Покхара халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұшақ Yeti Airlines әуе компаниясына тиесілі болған. Компания өкілінің айтуынша, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.
Апаттың себептері анықталып жатыр. Әуежай жабылып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Жергілікті БАҚ Непалда құлаған ұшақтың барлық жолаушысы мен экипаж мүшесі қаза тапты деп хабарлады.
РИА Новости ақпаратынша, ұшақ бортында Ресейдің төрт азаматы болған.
"Ұшақта 72 адам болған, соның ішінде төрт экипаж мүшесі, 68 жолаушы бар. Біздегі мәлімет бойынша төртеуі Ресей азаматы", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр.