Өңірлер

Ақтауда қатты желден ғимараттың шатыры ұшып кете жаздады

Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қатты желдің салдарынан ғимараттың шатыры жұлынып кете жаздады, деп хабарлайды lada.kz порталы.
Жергілікті тұрғын Нұрдәулеттің айтуынша, бір ғимараттың шатыры қатты желдің екпініне шыдай алмай, ұшып кете жаздады.
Алайда Ақтау теңіз портының баспасөз қызметі бұл ғимараттың оларға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетері, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы 2002 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен 2028 жылға дейінгі мерзімге құрылған.