ОСК сенат депутаттары сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан парламенті сенатының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады.
Барлық облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 20 депутат сайланды.
Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудің алдын ала нәтижесі
Сенаторларды жанама сайлау құқығы негізінде мәслихат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы таңдады.
Сайлау барлық өңірде Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де басталды.
Парламент сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болды.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.