Өңірлер

Алматы облысының тұрғыны вокзалда 12 келі есірткімен ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Көлік полицейлері Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қаңтарда қызметтік-іздестіру ит Шу станциясында теміржол вокзалының перронында Алматы облысының тұрғынынан есірткі тапты. Оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм "марихуана" табылып, тәркіленді.
"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Анықталғандай, күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына пойызбен тасымалдауды жоспарлаған.
Қазір ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Қостанай облысында күш құрылымдары есірткі тарату схемасын анықтады