Өңірлер

Алакөлде көлігімен бірге суға батып кеткен жүргізушінің денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Сүңгуір-құтқарушылар Алакөлде көлігімен суға батқан жүргізушінің денесін тапты, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 13 қаңтарда түсте болды. "Нива" маркалы автокөліктің жүргізушісі Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өтпек болған. Қасында жолаушы болған. Алайда мұз ойылып, көлік суға батып кетті.
Жолаушы өз күшімен автокөліктен шығып, аман қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші салоннан шыға алмай, суға батып кетті.
"Бүгін, 14 қаңтарда таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен алып шықты", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстарына Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және 6 техника тартылды.