АЛМАТЫ, 13 қаңтар - Sputnik. Демалыс күндері жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Метеорологтардың айтуынша, бұл аймақтарда қар жауып, боран соғуы ықтимал.
Елдің батысында ауа температурасының түнде 9-19-дан 5-17-ге дейін шамалы көтеріледі. Түнде:
Солтүстік-батыста 13-28 градус аяз,
Солтүстікте минус 10-23 градус,
Орталықта 17-28 градус аяз,
Шығыста минус 18-32 градус
Түнде ауа температурасы оңтүстікте 13-21 градус суық болады.
Ал Оңтүстік-шығыста аяздың беті қайтады, мұнда сынап бағанасы 20-38-ден 15-26 градусқа көтеріледі.