АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Бейсенбі күні кешке Соледар қаласын украин әскерилерінен азат ету аяқталды. Бұл туралы жұма күні Ресей қорғаныс министрлігіндегілер мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"12 қаңтар күні кешке Соледар қаласын азат ету аяқталды. Бұл қаланың Донецк бағытындағы сәтті шабуыл іс-қимылдарын жалғастыру үшін маңызы зор", - деп хабарлады министрліктегілер.
Сонымен қатар, ресейлік ведомстводағылар осы қаланы бақылауға алудың әсері қандай болатыны туралы айтты.
"Соледарды толық бақылау орнату Артемвск қаласынан оңтүстік-батыста орналасқан украин әскерлеріне қару-жарақ пен басқа да қажеттіні жеткізу жолдарын кесіп тастауға, содан кейін ол жақта қалған Украина Қарулы күштерінің бөлімшелерін қоршауға алуға мүмкіндік береді", - деді қорғаныс министрлігіндегілер.