Қоғам

Қазақстанда кедейлердің саны өсті

Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кедейлер саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр Қазақстанда инфляцияның деңгейі 20 проценттен асты. Қымбатшылық басталды. Бұның барлығы халықтың тұрмысына да кері әсерін тигізді. Оны ресми статистика да растап отыр.

"Өсім бар, кедейлердің саны өткен жылы 4,9 болса, биыл 5,1 процентке дейін өсті", - деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бүгінде кедейшіліктің шегі, яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 мың тең болса да, әр өңірде әртүрлі болып тұр. Мысалы, Маңғыстау облысында - 54 мың теңге, Астанада – 50 мың, Алматы қаласында – 48 мың теңге.
Осылайша, республика бойынша орташа көрсетіш 45 623 құрап отыр. Одан төмен табыс алатындардың саны көбейіп отыр.