Павлодарлық полицей жанжал кезінде газ тапаншасын қолданды - тергеу басталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі оқу орталығының қызметкері жанжал кезінде газ тапаншасын қолданды, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қаңтарда Павлодарда Сұрағанов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, ерегескендердің бірі газ тапаншасын қолданған. Ол - ІІМ оқу орталығының қызметкері.
"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжалға қатысушылардың арасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкері де бар", - деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ол бала күтіміне байланысты демалыста отырған.
Айта кетері, қарастырылып отырған бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Арқалықта бесінші қабаттан полицейдің үстіне құлаған қыз аман қалды