Өңірлер

Екібастұзда тағы да жылу мәселесі туындады

Sputnik
ПАВЛОДАР, 13 қаңтар – Sputnik. Екібастұз тұрғындары әлеуметтік желіде пәтер жылынбай тұрғанына, судың салқындағанына шағымданды. "ЕкібастұзТеплоЭнерго" компаниясы жабдықтың істен шыққанын растады.
"Қыс басталғалы күні-түні жылытқышпен отырдық. Ұялмай жылу пайдаландыңдар деп түбіртек жібереді".
"Үйде температура 17 градустан жоғары көтерілген жоқ. Қазір тіпті 7-8 градус", деп жазды тұрғындар.
Жергілікті жұртшылық көмек сұрап отыр.
Күні кеше Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин "Екібастұз қаласының ЖЭО-сы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр" деп жазды. Бұл халық наразылығын одан сайын үдете түсті.
Жұма күні "ЕкібастұзТеплоЭнерго" компаниясы жабдықтың істен шыққанын растаған болатын.