АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Көкшетау қалалық соты үш бірдей құрылыс саласының басшысына үкім шығарды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Ал "Сарапшы Арсенал" ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен "Көкшестрой Технадзор" ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар енді 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды.
Сотталғандар Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.