Жетісай тұрғыны үйіне ұрлыққа түскен адамды ұстап алды

Sputnik
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Жетісай тұрғынының үйіне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адам өз хабарламасында үйіне белгісіз біреу кіріп, екі бірдей телефонын ұрлап шыққан сәтінде ұстап алғанын жеткізді.
Аталған жайт бірден Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Оқиға орнына шыққан полицейлер күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Ол жазасын шартты түрде өтеу үшін 2022 жылдың желтоқсан айында ғана шығып, алайда бір ай болмай қайта қылмыс жасағаны белгілі болды.
Сондай-ақ тексеру кезінде күдікті жәбірленушінің үйінен бөлек, оның көршісінің үйіне ұрлыққа түскені анықталды.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жалпы, өткен 2022 жылы Жетісай ауданында телефон ұрлығы 64,0 пайызға азайған.