АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қатты аяздан еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр, ал жұмыс істейтін қазақстандықтарды тайғақ жолдар мен тротуарлар әбігерге салды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары үсік шалғанда адамдарға қалай көмектесуге болатынын айтты.
Зардап шеккен адамды жылыту үшін оны жылы үй-жайға әкеліп, ыстық шай немесе сүт беру керек. Зақымданған аяқ-қолдарды жылы жапқышпен орау қажет.
Егер шамалы ғана үсік шалған болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті.
"Терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым қатты зақымдануы мүмкін", - дейді мамандар.
Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады. Үсік шалған жерді қармен ысқылауға болмайды. Қар одан сайын үсітеді, ал үшкір ұсақ мұздар теріні зақымдауы мүмкін.