АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков арнайы әскери операцияның барлық мақсаты өзгеріссіз қалғанын йтты.
Ол Донецк пен Луганск халық республикалары Ресей Федерациясының субъектілері ретінде 2014 жылғы шекара деңгейінде азат етілуі керек екенін мәлімдеді.
"Жоғарғы қолбасшы жаңа мақсаттар туралы айтқан жоқ. Бұған дейінгі барлық мақсат сол қалпында өзгеріссіз күн тәртібінде тұр", - деді Песков журналистерге Ресейдің арнайы операциядағы мақсаттарына қатысты сұраққа жауап беріп.
Донецк пен Луганск халық республикаларын 2014 жылғы шекарадағы деңгейге дейін азат ету Ресейдің мақсаты ма деген сұраққа да президенттің баспасөз хатшысы нақты жауап берді.
"Иә, әрине. Олар Ресей Федерациясының субъектілері болып саналады. Сондықтан бұл республикаларды азат ету керек", - деді Песков.