Саясат

Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. 13 қаңтарда сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы өтеді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Желтоқсан айының соңында мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасы қаңтар айында парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралатынын мәлімдеген еді.
11 қаңтарда жаңадан құрылған Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жойды деп таныды.