Саясат

Конституциялық сот тұңғыш президент туралы заңның күшін жойды

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағым қабылданбайды
Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жоғалтты деп таныды.
Қаулыда сот "Қазақстан халқының 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда жарияланған еркіне" негізделгені айтылған.
Айта кетері, бұған дейін заң бойынша Қазақстанның тұңғыш президентіне бірқатар артықшылық берілген болатын.
Заң Нұрсұлтан Назарбаевқа халыққа үндеу, парламент алдында және үкімет отырыстарында сөз сөйлеу құқығын берген еді.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жыл басқарғаннан кейін 2019 жылдың 20 наурызында өкілеттігін тапсырды.