Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Арнайы әскери операция: ресейлік армия Артемовскті азат етуге жақындады

Sputnik
Соледар қаласын украин әскерінен азат ету Донбастағы ауқымды әскери іс-қимылдың шағын бөлігі ғана екеніне қарамастан, бұл Ресей армиясының арнайы әскери операция аумағындағы тактикалық және стратегиялық мүмкіндіктерінің көрінісі болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Соледар мен көршілес Артемовск (Бахмут) жолдары Славянск, Краматорск (шамамен 30 километр) және одан әрі батысқа апарады. 11 қаңтарда ресейлік әскер Артемовсктен/Бахмуттан 6 километр жерде орналасқан Соледар қаласын толық бақылауға алды. Соледар орталығында қоршалған Украина Қарулы күштерінің гарнизоны төрт секторға бөлініп, "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының жекелеген күштерімен қиратылып жатыр.
Бір күн бұрын ресейлік әскер Соледарға бірнеше бағыттан шабуыл жасады. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный басшылыққа күрделі жағдай туралы баяндап, қоршауға алынбауы үшін украин бөлімшелерін қаладан шығаруды талап етті.
Сонымен қатар, Украина әскерінің Соледардағы жаппай қашқаны туралы әр түрлі дереккөзде ақпарат пайда болды. Мұнда Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері, поляк және британдық жалдамалы жауынгерлердің жасақтары үлкен шығынға ұшырады.
"Әрбір әскери операцияның стратегиялық жетістігі шаршы шақырыммен емес, жау әскерінің жойылуымен өлшенеді. Украина армиясы толығымен жеңілген күні арнайы әскери операция аймағындағы аумақтық бақылау автоматты түрде Ресей Қарулы күштеріне өтеді. Қазіргі уақытта арнайы әскери операция ойдағыдай жүргізіліп, көршілес Артемовск/Бахмут қаласының украин гарнизоны Ресей Қарулы күштері мен "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясы күштерімен жартылай қоршауда тұр", - деп жазды Хроленко.
Сарапшының мәліметінше, көлік коммуникациялары бұғатталған. Сондықтан Ресей артиллериясының атыс бақылауында Украина Қарулы күштеріне резервтер жеткізу немесе армияны батысқа алып шығу мүмкін емес. Артемовск/Бахмут қаласынан оңтүстікке қарай үш километр жерде Украина Қарулы күштерінің соңғы қорғаныс шебі оңтүстік бағытта шоғырланған Клещеевка ауылында шайқас жалғасып жатыр.
6 қаңтарда Жоғарғы Бас қолбасшы Валерий Залужный Украина президенті Владимир Зеленскийге Бахмуттан кетуді ұсынды. Бірақ Киев бұл ұсынысты қарастырмады. Мәскеудің Рождество мерекесіне орай атысты тоқтату туралы ұсынысынан бас тартқан Киев режимі Соледар мен Артемовсктегі майдан шебінің түйісу аумағында ресейлік әскерден ауыр соққы алды. Мұнда Украина Қарулы күштерінің алты бригадасы талқандалды.
Соледарда "Карпаты" арнайы жасақ бөлімшесі мен тау-шабуылдау бригадаларының дайындығы жоғары, идеологиялық ұстанымы берік жауынгерлер қиратылды немесе бас сауғалап қашты. Украина Қарулы күштерінің Соледар мен Артемовсктегі жеті күндік ұрыстағы орны толмас шығындарының статистикасы екі мыңға жуық көз жұмған әскериді құрады. Украина резервтерін одан әрі Бахмутқа жөнелтудің мағынасы жоқ. 30 километрге созылып жатқан Артемовск – Соледар – Северск майдан шебінде қорғаныс позицияларының жоғалуы Украина Қарулы күштеріне Краматорск қорғаныс шебінде жеңілуін және басқа да жағымсыз салдарға тап болуын білдіреді.
Сонымен қатар Ресей әскері мен "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының Артемовск және Соледардағы белсенді әрекеттері Украина Қарулы күштерінің Мелитопольге қарсы шабуылдау жоспарын бұзды. Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері Сватово-Кременная жолының батысына қарай бірнеше бекіністен қарсыласты шығарып, ЛХР мен Донбасс аумағынан украин әскерін жүйелі түрде ығыстыруды жалғастырып жатыр.
Әскери шолушының пікірінше, Ресейдің қорғаныс министрлігі "Солнцепек" ТОС-1А ауыр огнемет жүйесінің жоғары тиімділігін атады. Осы техниканы қолдану аумағында украин әскерилері көбіне өз еріктерімен тұтқынға беріліп, өз командирлерінің бұйрықтарына қарсы позицияларын тастап қашады.
Жаппай мобилизациялаудың әрбір жаңа толқыны Украина Қарулы күштеріне физикалық және моральдық дайындығы жоқ, АҚШ пен Киев режимінің мүдделері үшін күресуге құлқы жоқ сарбаздарды әкеліп жатыр. Кадр тапшылығы украин әйелдерді армияға жаппай шақырылуына әкелді. Харьков бағытында радиодан шетелдік сөздер жиі естіліп жатыр. Бірнеше ай бойы Киев режимінің жылдам жеңісін болжаған Батыстың ықпалды басылымдары Ресей әскерінің арнайы әскери операция аймағындағы жетістігін мойындап, Украина Қарулы күштерінің жеңіліске ұшырауының ықтималдылығы жоғары екенін жазып жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.