АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қостанай жолшылары Тәжікстан Республикасының 18 азаматын жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Ведомствоның мәліметінше, дизель отынымен жүретін шағын автобус "Қарабұтақ-Қостанай" тасжолымен Ақтөбе облысынан Тюмень қаласына қарай бет алған.
Көлік блокпостқа жеткенде алдағы жол учаскесінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілгендігі анықталады.
Жолшылар шағын автобустағы дизель отынының қатуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәжікстан азаматтарын жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіп, ыстық тамақ берді. Жолаушылар күн райы жақсарғанша жылыту пунктінде болды.
Қазір уақытта күн райының жақсарып, тасжолдың ашылуына орай шағын автобус сапарын жалғастырып жатыр.