НАТО-ға мүше бірнеше мемлекет бірден Киевке ауыр броньдалған техника жөнелтуге уәде етті. Әзірше бұл жаяу әскерге арналған әскери машинаға, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыға және дөңгелекті танктерге қатысты болып отыр. Бірақ, кейбір елдер әлдеқайда күрделі техника жолдауды қарастырып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Ақ үй Украинаға тағы бір, әзірге 3,75 миллиард доллар көлеміндегі ең үлкен траншты мақұлдады. Киев 100 дана М113 шынжыр табанды броньдалған тасымалдағыш, 200-ге жуық жол талғамайтын доңғалақты автомобиль, 105 миллиметр калибрлі 36 дана сүйретпе гаубицаны, әр түрлі калибрлі оқ-дәрі, жабдықтар мен керек-жарақтарды алады.
Сондай-ақ тізімге оқ-дәрілері бар 50 дана M2 Bradley жаяу әскерге арналған әскери машина да кіреді. Батыстың мұндай деңгейдегі броньдалған машиналары қақтығыс аймағында әлі пайда болған жоқ.
M2 Bradley 1981 жылы АҚШ армиясында қызметке қабылданды және әлі де АҚШ армиясының негізгі техникасы болып табылады. Ол көптеген әскери науқанда қолданылды және өзін сенімді, күшті және қорғалған, тәулік бойы жұмыс істей алатын машина ретінде көрсетті. Борты алты десантшыға арналған, 25 миллиметрлі автоматты зеңбірекпен, пулеметпен және кіріктірілген TOW танкке қарсы басқарылатын зымыранмен қаруланған. Соның арқасында M2 жойғыш броньдалған тасымалдаушы беделіне ие болды. "Шөлдегі дауыл" операциясы кезінде Брэдлилер Абрамстарға қарағанда әлдеқайда көп Ирак танктерін өртеп жіберді.
"Украиндерге M2A2 ODS модификациясындағы 50 дана жаяу әскеерге арналған әскеери машина бөледі. Модернизациялаудың маңызды элементі – FBCB2 (Force XXI Battle Command Brigade and Below) жауынгерлік ақпараттық-басқару жүйесі. Ол осындай құрылғысы бар барлық әскери бірліктермен және спутниктермен барлау деректерін алмаса алады. FBCB2 компьютер дисплейінде жергілікті аймақтағы жер бедеріне қатысты тату және қарсы тараптың күштерін көрсетеді", - деп жазды РИА Новости.
Жаңа жеткізілімдер туралы Германия мәлімдеді. Берлин бірінші тоқсанда Украина Қарулы күштерге 40 дана Marder жаяу әскерге арналған әскери беруге міндеттеме алды. Бұл шешім Бундестагта қатты наразылық тудырды. Христиан-демократиялық одағының депутаты Хеннинг Отте "енді бундесвер өзінің қоймаларын босатуға мәжбүр болады, ал әскери техника қазірдің өзінде нашар жағдайда" екенін айтты.
Marder қарулануға 1970 жылы қабылданды, бірақ машина Ауғанстанда 2009-2011 жылдары ғана нағыз сынақтан өтті. Бундесвер сарбаздары оны жақсы қауіпсіздік деңгейі, 20 миллиметрлі танкке қарсы зеңбірек пен Milan танкке қарсы басқарылатын зымыранның жоғары атыс мүмкіндігі үшін бағалайды.
Мақала авторы жазғандай, Украина Қарулы күштеріне нақты қандай үлгідегі техника жөнелтілетіні нақтыланбаған. Әлдеқайда заманауи Marder A5 және Marder A5A1 машинасының неміс армиясындағы саны жүзден сәл асады. Ал А3 және А4 үлгілерінің қарулану қатарына енгізілгеніне отыз жылдан асты.
Француздар өз кезегінде жеңіл доңғалақты AMX-10RC танктерін жөнелтуді көздеп отыр. 1981 жылы пайдалануға берілген танк мұнарасы және 105 миллиметрлік қаруы бар бұл броньдалған машиналар көптеген соғыс аймағында қолданыста болды.
НАТО тасымалданатын қару-жарақ ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Дүниежүзілік қару-жарақ саудасын талдау орталығының (ДҚСТО) директоры Игорь Коротченко техниканың жаңа үлгілерін Украинаға жылдың екінші жартысында жеткізуі ықтимал екенін айтты.
"Техника жеткізулерін кадрларды даярлаумен үйлестіреді. Арнайы әскери операцияны созу Батыс күрделі жоғары технологиялық жүйелерге қатысты тағы басқа амал ойлап табуға алып келетінін түсіну керек. Қару-жарақ жеткізілімдері тоқтамайды", - дейді Коротченко.
The Wall Street Journal газеті Польшаның Украинаға Германияда жасалған өзінің Leopard 2 негзігі әскери танктерін жіберуге дайын екенін жазды. Қазір Варшава неміс танктері паркін америкалық және оңтүстік кореялық көліктерге ауыстырып жатыр. Солтүстікатлантикалық блокқа әлі мүше болмаған Финляндия билігі егер басқа елдер Киевке танктер жолдаса, Хельсинки де шет қалмайтынын мәлімдеді.
Автор жазғандай, Батыстың ауыр броньдалған машиналарды жеткізуі Ресей армиясының жауынгерлік міндеттерін айтарлықтай қиындатады. Егер бұрын танк техникасында Мәскеу басым болса, НАТО көліктері тепе-теңдікті жақындатады.