АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Елорда әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 19 рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлады Хабар 24.
Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, елорданың әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Ұшып келетін 13 рейс, ұшып шығатын 6 рейс кейінге қалдырылды. Оған ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп. Әуежайда қар шығару, оның ішінде ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ведомство жолаушылардан өзекті ақпараттардыcall-орталықтардан, сондай-ақ әуежайдың анықтама бөлімінен алуға кеңес берді.