Тоқаев "Астана" қаржы орталығының басшысын қабылдады

Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.
Саясат
Қайрат Келімбетов қызметінен босатылды