АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін биыл аяқтауды тапсырды. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
2023 жылы Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі
© Photo : Пресс-служба акима Астаны
"Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен "Ақерке-2" тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді, ал "Пана" тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған", - деп атап өтті әкім.
Оның айтуынша, әкімдік осыған дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген. Жеңіс Қасымбек қалған нысандарды аяқтауды өз міндеті санайды.
Оның айтуынша, әкімдік осыған дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген. Жеңіс Қасымбек қалған нысандарды аяқтауды өз міндеті санайды.
"Мыңдаған отбасы осы 30-дан астам тұрғын үй кешеніндегі баспанасын жылдар бойы күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым", - деп толықтырды қала басшысы.
Ол қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен танысқанын атап өтті.
Ол қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен танысқанын атап өтті.
"Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді", - деп мәлімдеді Қасымбек.