Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК арнайы операция өткізді

Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген операция кезінде есірткі жасайтын үлкен зертхана анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 7 қаңтарда Алматы облысындағы жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірген.
Тінту кезінде 30 келі "мефедрон" психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер тәркіленді. Зертхананы ашқан күдікті де ұсталды.
Қазіргі кезде синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау шаралары басталды.
Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі ("Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Дикий Арман ҰҚК-ның үйлестіруімен әрекет етті – бас прокурор