"Алматы – Петропавл" бағытындағы Тальгоның кестесі өзгереді

Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ-сы 105/106 Тальго құрамын жөндеу жұмыстарына байланысты "Алматы-2 – Петропавл" бағытындағы пойыздың жол жүру жиілігі өзгеретінін хабарлады.
14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында пойыз күн сайын емес, күнара жүреді. Жүру кестесі:
Алматыдан қаңтар айында - тақ күндері, ақпан/наурыз айларында - жұп күндер бойынша;
Петропавлдан қаңтар айында - жұп күндер бойынша, ақпан/наурыз айларында тақ күндері бойынша.
Жолаушылар тоқтатылған рейстерге билет алып қойса, оның ақшасын теміржол көлігімен тасымалдау ережелері бойынша қайтаруға болады.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап отыр.
Оқиға
"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр