Өңірлер

Талдықорғанда екі ер адамды көлік қағып кетті, екеуі де көз жұмды

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 қаңтар - Sputnik. Талдықорғанда айналма тасжолда Nissan Cefiro екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полиция оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 263 шақырымында Талдықорған маңындағы айналма жол бойында болғанын хабарлады.
Шетелдік көліктің тізгінінде 33 жастағы тұрғын отырған. Екі жаяу жүргінші де оқиға орнында көз жұмды.
"Сотқа дейінгі тергеу басталды. Адам өліміне әкеп соқтырған апаттың барлық мән-жайы анықталады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Өңірде қар аралас жаңбыр жауып тұр. Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды.