Солтүстік Қазақстанда жол апатынан екі адам қайтыс болып, сегізі зардап шекті

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка - Қостанай автожолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 7 қаңтарда болған. Nissan Murano, Audi A6 және Toyota Avensis автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы қайтыс болды.
Жол апатынан тағы сегіз жолаушы зардап шекті. Оның бірі 2014 жылы туған кәмелетке толмаған жеткіншек. Олар түрлі дене жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
"Көлiк рөліндегі адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, сараптама жасалады", - деп хабарлады полиция.
ДТП на севере Казахстана