Келесі Жаңа жылға дейін ақша жинаудың 3 жолы - маман кеңесі

Көптеген тұрғындар Жаңа жыл алдында қыруар ақша жұмсайды. Сондықтан қаңтарда барынша үнемдеуге мәжбүр
Sputnik
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. "Апенди бизнесмен"Telegram-арнасының авторы келесі Жаңа жылға дейін ақшаны қалай үнемдеуге болатынын айтып берді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.
1.
Мерекеге ақша жинау үшін жаңа жылдан бастап банкке немесе банкаға ақша жинай бастауға болады. Бұл әдіс біртіндеп ақша жинауға көмектеседі. Өйткені күн сайын аз-аздап салса, бір жылда айтарлықтай қаржы жиналады.
2.
Егер мұндай ақшаға жайылған дастархан тым қарапайым болады деп ойласаңыз, мерекеден кейін қанша салат, жеміс пен тағам бүлініп кететінін ұмытпаңыз. Өнімдерді ғана емес, оларды сатып алуға жұмсалған қаражатты да қоқыс жәшігіне жібересіз.
3.
Сыйлықтарды алдын ала сатып алу керек. Бірнеше ай бұрын алған дұрыс. Сонда желтоқсан айындағы жалақыға "жүктеме" азырақ болады. Әр жалақыдан бір сыйлық сатып алған жөн.