Денсаулық

Елде 2,5 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясының 169 жаңа жағдайы анықталды. Бір күн бұрын ауруды жұқтырғандар саны 194 адам болған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
8 қаңтардағы жағдай бойынша 2517 адам коронавирустан емделуді жалғастырып жатыр. Оның 272-сі стационарда, 2245-і амбулаторлық емделуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше:
15 науқастың жағдайы ауыр;
6 адам өте ауыр хәлде;
4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 404 104 адамда коронавирус инфекциясы анықталды.
Денсаулық
Дәрігер балаларда коронавирустың ауыр түрінің алдын алу жолдарын айтты