Қызылорда полицейлері жаппай төбелестің алдын алды: 18 адам ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Қызылорда полицейлері төбелесті тоқтатып, полиция бөліміне 18 адамды жеткізді, деп хабарлады Polisia.kz.
Әлеуметтік желіде қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланды. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен.
"Жедел шаралардың арқасында зардап шеккендер болған жоқ. Полицияға шағымдар мен өтініштер түскен жоқ", - деді жергілікті полиция басқармасы.
Полицияның мәліметінше, оқиға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді, тергеу жүріп жатыр.
Айта кетері, бұл баппен айыпталғандар 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді (2023 жылы АЕК мөлшері – 3 450 теңге) немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқиға
Атыраудағы төбелес видеоға түсіп қалды