АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. Петропавлда көпқабатты үйдің жанынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 6 қаңтарда болған. Тұрғындардың бірі полицияға хабарласып, үй жанында белгісіз әйелдің мәйіті жатқанын айтқан. Оқиға орнынан шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның 47 жастағы қала тұрғыны екенін анықтаған.
Болжам бойынша ол көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өз-өзіне қол салған.
Аталған факті бойынша тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.