АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Қостанай полицейлері жабылып қалған McDonald's мейрамханасының ғимаратына азагүл әкеліп қойған ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Қостанай тұрғыны мұндай әрекетке досымен бәстескеннен кейін барғанын айтқан. McDonald 's-ты "жерлеп" тастаған тұрғынға тәртіп сақшылары "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
"Соңғы процессуалдық шешімді сот қабылдайды", - деп түсіндірді полиция басқармасы.
Бұл аздай, ұсталған азамат жол қозғалысы ережесін бұзған. Ол үшін де әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кетері, 5 қаңтардан бастап "Food Solutions KZ" ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі McDonald's бренді жұмысын тоқтатты.