Фото

"Өзіміз отырып шай ішейік": түрлі елдегі шай ішу дәстүрі – фото

Қыстың аязды күндері шай ішіп, бой жылытатын қолайлы уақыт. Бұл сусын әңгіме айтып, көңіл көтеруге, отбасы мен дос-жаранның бір дастархан басына жиналуына ықпал етеді. Әлемнің түрлі елінде шайды қалай ішетіні туралы Sputnik суреттер топтамасынан көріңіздер
Sputnik
Қазақстанда да бұл ыстық сусын жоғары сұранысқа ие. Бірде-бір отбасылық мереке шайсыз өтпейді. Әдетте мерекелік дастархан басында шай беріледі. Содан кейін ғана ет пен қымыз ұсынылады. Қазақтың салт-дәстүрінде шайды ыстық пеште қайнатып алу әдісі бар. Мұндай шай өте дәмді болады деп саналады.
Сонымен қатар, пиалаға шайды толтыра құюға болмайды: кесеге шай аз құйылған сайын шай ұсынылған адамға құрмет соғұрлым үлкен болып саналады.
Қазақстанда және басқа елдерде шайда қалай ішетінін суреттер топтамасынан көріңіздер.
1 / 19

Қазақтың салт-дәстүрінде шай ерекше орын алады. Суретте: жайлаудағы мереке кезінде кесемен шай ішіп отырған шопан, Қазақстан

2 / 19

Қазақстанда бүкіл отбасы дастархан басына жиналып, арқа-жарқа әңгіме айтып, шай ішеді

3 / 19

Тәжікстан тұрғындары да шайханада жиі бас қосып, жаңалықтарын бөлісіп, көптен бері кездеспеген туыс-жақындарымен әңгіме-дүкен құрады. Суретте: Тәжік КСР. "Рахат" шайханасы

4 / 19

Тәжікстанда шайхана жергілікті салт-дәстүрдің айнымас бір бөлігі болып саналады. Суретте: Тәжікстандағы қария аудан орталығындағы шайханада ыстық сусынмен шөлін қандырып отыр

5 / 19

Қытайдағы шай рәсімі – бұл ежелгі дәуірде пайда болған ерекше философия мен мәдениет. Қытайлар шайды асықпай ішіп қана қоймай, оның хош иісін, тұндыру процесінде сусынның дәмі мен түсінің өзгеруін сезініп, ләззат алады. Суретте: Қытайдың Хэнань провинциясындағы салтанатты шарада әйел Синьян Маоцзянь шәйін құйып отыр.

6 / 19

Африканың солтүстігінде, Мысырда қара шайды өте қою етіп дайындайды да, оған қоса бір стақан су беріледі. Мұнда Кения, Малави немесе Цейлоннан келген қара шайды ұнатады, ал елдің оңтүстік аймақтарында шайды 5 минут қайнату арқылы өте қою етіп дайындайды. Мысырда шайға жалбыз немесе сүт жиі қосылады. Суретте: мысырлық ер адам Минья қаласында түскі үзіліс кезінде шай ішіп отыр

7 / 19

Арабтар шайді үстіңгі жағы кеңейе түскен шағын кесемен ішеді. Сусынды негізінен ер адамдар дайындайды. Арабтар көк шай ғана ішеді, өйткені ислам діні ферменттелген сусындарды ішуге тыйым салады. Суретте: жергілікті тұрғындар Сауд Арабиясының құмды төбелерінде шай мен кофе ішіп отыр

8 / 19

Ауғанстанда шайды "ормуд" деп аталатын шағын стақандармен, фарфор кесе немесе пиаламен ішеді. Шығыстың басқа аймақтарындағыдай, мұнда да шайды кілемде отырып немесе шынтақтап жатып ішеді. Суретте: Кабулда шай ішіп отырған ер адам

9 / 19

Сириялық кішкентай қыз Иорданияның Мафрак қаласының шетіндегі Сирия шекарасына жақын орналасқан шатырлы ауылда шай ішіп тұр

10 / 19

Қырғызстанда шай суып қалмас үшін сусынды үнемі шағын кесемен ұсынады. Ыстықкөлде үлкен пиаламен шай ішу дәстүрі қалыптасқан. Ал Талас пен Нарында шайға арналған суды самаурынға қайнату әдеті бар. Қуырма шайға сүт, өнген бидай және күйдірілген ұн қосылады. Суретте: 93 жастағы соғыс ардагері Сардар Ақылбеков Қырғызстанның Тоқ-Бай ауылындағы үйінде шай ішіп отыр

11 / 19

Орыс дәстүрінде де шайдың орны ерекше. Қайнап тұрған самаурын, жаңа піскен тәтті нан және бал. Аязды күні бұдан асқан демалыс бар ма! Суретте: Новгород облысындағы жол бойындағы дәмханада алдында қайнап тұрған самаурын

12 / 19

Иракта шай тасушылар институты жақсы дамыған. Олар шай дайындау үшін қажетті пеш, шәугім, стақан, қант пен шайды өздерімен бірге алып жүреді. Олар базарларда, автобус аялдамаларында, мекемелерде жүреді. Суретте: бойжеткен Ирак жеріндегі мінәжат етушілерге шай ұсынып тұр

13 / 19

Ағылшындар шайды күніне үш рет ішеді: таңертең, түскі ас кезінде және кешкі сағат бесте. Ағылшындардың "Five o'clock Tea" дәстүрі 1840 жылы Бедфорд герцогинясы Анна Расселден басталды. Суретте: Ұлыбритания ханзадасы Чарльз және Корнуолл герцогинясы Камилла Лондонның орталығындағы Корольдік театрына барған кезде террасада бестің шайын ішіп отыр

14 / 19

Нигерияда Зобо шайы қатты танымал. Бұл күлгін-қызыл түсті гүлді сусыны. Оны әртүрлі тәсілдермен тәттілендіруге және хош иістендіруге, ыстық немесе салқын күйде ұсынуға болады. Зобоға арналған гүлдер бізде гибискус немесе каркаде деп аталады. Суретте: Нигерияның Агадес қаласында ер адам шай құйып тұр

15 / 19

Пәкістандағылар сүт пен көп мөлшерде қант қосылған қара шайды ұнатады. Олар, сондай-ақ, "Кава" – кардамон, шафран және даршын қосылған көк шайды және кашмир алқызыл шайын ішеді. Оны самауырда қайнатып, Моңғолиядағы немесе Тибеттегідей май мен тұз қосып ішеді. Суретте: Исламабадтағы жол бойындағы дәмханада шай ішіп отырған адам

16 / 19

Масала шайы – үнді дәстүрі мен ұлттық асханасындағы сүйікті сусындардың бірі. Бұл бой сергітер сусынға мынандай дәмдеуіштер қосылады: кардамон, даршын, зімбір, қалампыр және тіпті бұрыш! Айтпақшы, алғашында Үндістанда тек будда монахтары шай ішетін. Суретте: үнді садху шай құйып тұр

17 / 19

Оңтүстік Африкадағылар да шайды жоғары құрметтеледі. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасында ұлттық сусын – ройбуш жақсы танымал. Оның құрамында кофеин жоқ және ол өте пайдалы. Суретте: Оңтүстік Суданның Джуба қаласында әйел адам босқындарға шай дайындап жатыр

18 / 19

Шай Жапонияға алғаш рет VIII ғасырда будда монахтарының арқасында Қытайдан келген. Мұнда шай ішу арнайы павильондарда өткізіледі және га-но-ю деп аталатын өте күрделі рәсім болып саналады, оны гейшалар дайындайды. Қытайлықтар сияқты жапондар да шайды өте баяу ішеді. Суретте: америкалық кәсіпқой бейсболшы Гектор Сантьяго Токиодағы гейша қыздан жапон көк шайын дайындауды үйреніп жатыр

19 / 19

Әлемнің көп елінде шайды жақсы көреді. Сондықтан оны халықаралық сусын деп атауға болады. Өйткені, әр ел шайды дайындаудың рецептеріне өзіндік үлес қосу арқылы шайды әлем халықтарына танымал етті. Суретте: "Тақиялы періште" фильміндегі Тана рөліндегі актриса Әмина Өмірзақова пиаламен шәй ішіп отыр. "Қазақфильм" киностудиясы, 1968 жыл. Режиссері Шәкен Айманов