АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Өскеменде есірткі сатушыдан марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.
Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері саяжайлардың бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы сату фактісін анықтады.
31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқан. Полиция тексеру кезінде ВАЗ автокөлігінен скотч-лентамен оралған сөмкені тапқан.
Автокөлікті тінту кезінде спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ зат салынған үш орама табылған. Орамадағы зат 10 келіден астам кептірілген марихуана және шамамен 1,9 келі гашиш болып шықты.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.