АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері болып Мырзағали Айтжанов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.
Мырзағали Айтжанов – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері.
Ол ұлттық құраманы басқарған 2009-2018 жылдар аралығында Қазақстан тарихи жетістіктерге жетті. Лондондағы олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады.
Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында 5 алтын (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) медаль жеңіп алды.
Мырзағали Айтжанов – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы КСРО құрамасымен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.