АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінде ыстық су құбыры жарылып, үш әйел көз жұмды, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
2 қаңтарда таңғы бес шамасында Көкшетау полиция басқармасына үй құбырының жарылғандығы туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына келген полиция құбыр жарылып, үйді ыстық су басқанын көрген. Алайда пәтер ішінен құлыптаулы болған. ТЖД қызметкерлері пәтерді ашып, құтқару жұмыстарын жүргізді.
Пәтерден 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің денесі табылды, олар үй иесі мен оның екі құрбысы болған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдер күйіп қалған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.