АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды.
Олар бір отбасының мүшелері екен. Олар 31 желтоқсан күні қойшы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылғандықтан, олар кері кайта алмай, сол жерде калып койғаны анықталды.
3 қаңтар күні отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, үйде қалған отбасы мүшесі оларды іздеу қажеттігін айтып құтқарушыларға хабар берген.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.
Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжеге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді.
Қалған 9 отбасы мүшесі ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты.