Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Руслан Желдібай президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - деп жазылған ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 14 сәуірінде Руслан Желдібай Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.