АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 115 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 87, ал 3 қаңтарда 76науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 4 желтоқсандағы мәлімет бойынша 2 447 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
14 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 403 530 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.