АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Зүлфия Сүлейменованы экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
"Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген президенттің жарлығында.
Бұған дейін бұл қызметті Серікқали Брекешев атқарған болатын.
Зүлфия Сүлейменованың өмірбаяны
32 жастағы Зүлфия Сүлейменова Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавр, одан кейін магистр дәрежесін алды. 2019 жылы президенттік жастар резервіне енді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінде климаттық саясат пен жасыл технологиялар депаратменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясының консультанты, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болды. Ал 2022 жылы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.