АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Талдықорған - Үштөбе тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 4 қаңтарда Toyota Windom және Toyota Sienna көліктерінің соқтығысу салдарынан болды.
Көліктердің бірінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Оқиға болған жерде 75 және 34 жастағы екі жолаушысы қаза тапты. Екі жүргізуші мен тағы үш адам Талдықорған ауруханасына жеткізілді.
Жол апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.