Екібастұз маңында жүзден астам көлік қар құрсауында қалды – видео

Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Екібастұз маңында қарлы боран салдарынан жүзден астам автокөлік жолда тұралап қалды. Қарлы боранда қалған барлық жүргізуші мен олардың жолаушылары, бас-аяғы 225 адам Шідерті ауылындағы арнайы орындарға орналастырылды, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"Екібастұз қаласының Шідерті ауылында 118 техника, оның ішінде 26 жүк көлігі мен 87 жеңіл көлік, 5 автобус жолда қалып қойды, жалпы адам саны 225 адам, оның 15-і бала", - деп жазылған хабарламада.
Үш жылыту орны – "Сарухан", "Ақжол" қонақ үйі және Шідерті ауылының мешітіне 86 адам орналастырылды.
35 адам, оның ішінде 4 бала – "Сарухан" қонақ үйінде, 16 адам – "Ақжол" қонақ үйінде және 35 адам, оның ішінде екі бала – ауыл мешітінде орналасты.
"Қазавтожол" ҰК АҚ қызметкерлері төрт құрама жол техникасы мен К-700 (МТЗ) тракторымен жолдарды қардан тазартып жатыр. Сондай-ақ, екі техника мінген ТЖД 5 қызметкері, төрт техника мінген ЖПҚ 7 қызметкері, екі техника мінген жергілікті атқарушы органдардан 3 адам жұмылдырылған.
Ауыл әкімдігі мектеп асханасында да ыстық тамақ ұйымдастырды.