Астанаға бет алған жолаушылар ұшағы шұғыл Бакуге қонды

Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Lufthansa әуе компаниясының ұшағы шұғыл Баку қаласында қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады Sputnik Әзербайжан.
Ресми мәліметке сәйкес, DLH-649 Франкфурт-Алматы-Астана рейсін орындаған экипаж командирі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға қонуға шешім қабылдады. Себебі Астана әуежайында тұман болған.
123 жолаушы мінген ұшақ Баку әуежайына жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:58-те қонған. Ал 08:38-те Lufthansa ұшағы экипаж командирінің шешімімен қайтадан Франкфуртқа ұшып кетті.