АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Ақтөбедегі аулалардың бірінде қоқыс контейнері әйелдің үстіне құлап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 1 қаңтарда Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында болған. Қайтыс болған әйел қоқыс тазалайтын мекеменің жұмысшысы болған.
"Контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, 38 жастағы жұмысшының үстіне құлаған", - дейді полицейлер.
Бірнеше сағаттан кейін жұмысшы әйел алған жарақатынан қаланың көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды.
Осы факті бойынша "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.