АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қытайда жарты сағат ішінде екі жер сілкінісі болды, олардың эпицентрі бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС станциялары бірінші жер сілкінісін Астана уақытымен сағат 06:49-да (Гринвич бойынша 00:49) тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде Қытай аумағында, Жеңіс шыңына салыстырмалы түрде жақын орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.4. Магнитудасы MPV 4.0. Жер дүмпуі көзінің орналасу тереңдігі 5 шақырымды құрайды.
Қазақстандық сейсмологтар екінші жер сілкінісін елорда уақыты бойынша 07:20-да (Гринвич бойынша 01:20) Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 341 шақырым жерде, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекараларының түйіскен жерінде тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.6. Магнитудасы MPV 4.3. Сейсмикалық белсенділік көзі 5 километр тереңдікте орналасқан.