АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 76 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
2 қаңтарда бұл көрсеткіш 115 адамды құрады, ал жаңа жылдың бірінші күнінде Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа 200 фактісі тіркелді.
3 қаңтарда 2 680 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды.