АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Теміртау қаласында жас жігіт көлігімен төрт адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты 31 желтоқсанда кешкі сағат 19:20-да болған. "ВАЗ 2114" маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен келе жатқанда тоқтай алмай, жолдан өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кетті. Олардың арасында бір бала бар. Желіде осы оқиғаның видеосы тарады.
Жедел жәрдем 54 жастағы әйелді ауруханаға алып кетті.
Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.